Қазақстан Республикасы Президенті «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына өз жолдауында былай деді: «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады. Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр».