Четверг, 28.03.2024, 22:45
Светлана Арыстамбаева


Каталог статей
Главная » Статьи » Мои публицистические статьи

Қазақ тілінің дамуы – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңартуының негізі

Арыстамбаева (Ляшенко) Светлана Андреевна

 

Қазақ тілінің дамуы

 

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңартуының негізі

Қазақстан Республикасы Президенті «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Қазақстан халқына өз жолдауында былай деді: «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады. Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр». Бұл Ел Басының сөзі қазақ тіліміздің өркенуі, дамуы, қарқындатуының қоғамның өркендетуіне ықпал ететіндігіні туралы айтқаны даусыз. Өз мәдениетін қадірлемейтін, ана тілін білмейтін тұлға өзіне де, ұрпағына да жақсы үлгіні көрсетпей, жеміссіз ғұмыр өткізеді деп айтуға болады. Сондықтан қазақ тілінің болашағын, оның даму үрдістерін қарастыру, жан-жақты зерттеу қазіргі кезде өте маңызды, нақты өзекті проблема болып табылатыны сөзсіз.

1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Бұл нормативтік құқықтық актін қабылдауымен Қазақстан тілдері дамытуының жаңа кезеңі басталған деп айтуға болады. Сөзсіз, әрбір саяси-қоғамдық құбылысы не оқиғасы өз нормативтік құқықтық негізі болмағасын дұрыс жолымен немесе оң бағыттары бойынша дамыта алмайды. Сондықтан қазақ тілі дамуының құқықтық негіздері бугінгі күнге дейін басты мәселе болып, ғалымдар, қоғам қайраткердері мен мемлекеттік тұлғаларының назары ортасында болуы белгілі.

2006 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деп айтты. Бұл сөздің мағынасы: қазақ тілді меңгеру – әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті деп саналады, сонымен қатар жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болу қажет.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша отанымызда Қазақстанның ел бірлігі доктринасы жан-жақты талқылап, қабылданды. Доктрина мәтінінде мемлекет пен қоғамның негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілді дамыту болып табылады. Сонымен қатар, Доктринаны жүзеге асыруы мына принциптердің негізінде өткізілетіні жоспарланды: мемлекеттік тілге және оның қоғамдағы рөлін құрметтеу; тіл саясатын елде үйлесімді әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құруға бағытталып, халықты біріктіру факторына айналуы; мемлекеттік тілдің әлеуметтік және коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайту. Яғни мемлекеттік тіл қоғам дамуының басты факторы ретінде әлеуметтік процестерін қалыптастырады да, реттейді де, дамытады да. Доктринаның тұжырымдамасы бойынша жастарды қазақ тілін терең меңгеруге ұмтылдыру жүйесі қалыптастыруға тиіс.

2011 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің №110 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Аталған бағдарлама тарауларының бірі терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру маңыздылығы туралы айтады.

Қазақстанда тіл мәселесі ғылыми жағынан да, әдеби жағынан да жиі-жиі талданады. Бұнын бір маңызды белгісі – Мемлекет Басшысының мемлекеттік тіл дамытуға қадалған назары. Сол себептен алдағы ғылыми мен әдеби зерттеулерге негізделініп, қазақ тілі дамытудың негізгі екі бағытты айқындауда деп айтуға болады. Осындай айқындау теориялық жағынан тіл мәселесі саласындағы саясатын  әзірлеуге қажет болып қала береді, сондай-ақ практикалық, тәжірибелік жағынан тіл мәдениетін қалыптастыруға жол беретін перспективті бағыттарын көрсете алады.

Айтқанымыздай, тіл дамытудың негізгі екі бағытты айқындауға болады. Осы бағыттардың бірі - тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту. Себебі егер халық арасында тілді білетіндердің, осы тілде сөйлесетіндердің, тілдік мәдениетін сақтайтындардың саны аз болса, бұл тілдің тағдыры белгісіз. Мысалы, латын тілі – бұл тілде сөйлесетін тұлғалар қалмады, сондықтан, оның медицина, заң салаларында пайдалануына қарамастан латын тілі өлген тілі болып саналады.

Ал, тіл дамытудың екінші басты бағытына келетін болсақ, ол мемлекеттік қолдануымен тілді әрі қарай дамыту, толықтыру, кеңейту, ресімдеу. Мысалы, кез келген дамыған тілді қарайтын болсақ, ол тіл ауызша жағынан да, әдеби жағынан да, терминологиялық жағынан, яғни жан-жағынан да дамыған болады. Бұнын себебі – тілдің бірнеше деңгейлері болады. Үйде шәй ішіп отырып, біз ресми тілде сөйлеспейміз. Керісінше, заң жобасын әзірлеуде біз қарапайым, тұрмыстық термин мен ұғымдарды пайдалана отырмаймыз. Ал әдеби мәтіндерде – көркем болса да, ғылыми болса да, оқу болса да – тіл өз қарқынын, өз айбаттылығын, өз тиянақтылығын көрсетер.

Сол себептен мемлекеттік тіл дамыған және пайдаланатын болу үшін мемлекет өз тілінің мәдениетін құрастыруға, сақтауға мен дамытуға жауапты. Егер қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналдыратын болса, онда қазақ мәдениеті де Қазақстан халқының тұған мәдениеті ретінде болып қала беретіні рас.

Бұл тезисті түсіндіретін мысал ретінде тіл оқытудың екі түрлі әдістемелерін келтіруге болады. Біріншіден, қазіргі мемлекеттік тілін оқытудың ресми әдістемесі тіл грамматикасы, лингвистикасы, фразологиясы, синтаксис оқытуға негізделінген. Осы тақырыптар арасында оқытушы оқушылардың лингвистикалық қорын кеңейтетің тапсырма бере алады. Екіншіден, қазіргі кезде кең тараған ағылшын тілді оқыту әдістемесі ретінде қолданылатын тіл ортасына батыру, яғни тіл тасушылар ортасында болуды деп атап көрсетеміз. Осы әдістемелер арасындағы айырмашылық неде? Егер тіл өмірімізге қажет болатын болса, егер мен тіл білмей не нан алмай, не автобуске мінбей, не кітап оқымай қалатын болсам, онда мен осы тілді тез үйренемін де, тез түсінемін де. Ал егер мен үйде де, жұмыста да бір тілді пайдаланатын болсам, ал екінші тілді оқитын болсам, онда осы екінші тіл сана-сезіміме жете алмай жай қалатын болады. Бұл қағида өте түсінікті, бірақ мемлекеттік деңгейде екінші әдістеме осы күнге дейін өз пайдаланушылықты тапқан жоқ.

Тағы бір айтуға жөн болатын мәселе – бұл мемлекеттік тілде сөйлесетін мен жаза алатын басқа ұлттар өкілдерінің беделді бейнесін қалыптастыру және орнықтыру. Бұл процесте теледидар, Интернет, БАҚ рөлі ең маңызды болып қала береді. Осындай үлгілер бетінде қазақ ұлтының өкілдері өз ана тілін біле алмайтынынан ұялып, қазақша сөйлесіп, түсінуіне бар күш-жігерін салуға тырысады.

Бұнымен қоса айтатыным Интернет жүйесінің қазақ тіліндегі бөлігін де нығайту керек. Бүгінгі ақпарат деректерінің ең бастысы болып табылатын Интернет жүйесі қазақ тілінде дамымағандығына қарай қазақ тіліндегі аудиторияға орыс немесе ағылшын тілін білу деген талабын ұсынады. Мысалы, бүкілдүниедегі Интернеттік энциклопедия Wikipedia-ның қазақ нұсқасы Уикипедия қазір толықтыруда.

Осы мақаламызды Мемлекет Басшысы сөзімен бастап, оның сөзімен аяқтау дұрыс болады деп ойлаймыз. 2006 жылы Қазақстан халықтар ассамблеясының  XII сессиясында Н.Ә. Назарбаев өте маңызды сөз айтып, былай деді: «Отансүйгіштікпен тығыз байланысқан мемлекеттік маңыздылығы бар мәселе – бұл мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл ту, елтаңба, әнұран секілді Отан басталатын рәміздерінің бірі. Ол еліміздің барша азаматтарды біріктіруге ұсынылған».

 

Категория: Мои публицистические статьи | Добавил: АСА (29.05.2014)
Просмотров: 876 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Форма входа

Поиск

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
-->

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Copyright MyCorp © 2024 | Сайт создан в системе uCozЯндекс.Метрика