Пятница, 19.04.2024, 16:34
Светлана Арыстамбаева


Каталог статей
Главная » Статьи » Мои научные статьи

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің қылмыстық іс жүргізу аспектілерінің кейбір терминологиялық мәселелері туралы
  1. Ғалеева Дамеля Құрманқызы
  2. Арыстамбаева Светлана Андреевна

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің қылмыстық іс жүргізу аспектілерінің кейбір терминологиялық мәселелері туралы

Әрбір тілдің – жаңада пайда болған немесе ежелгі кезеңнен дамыған болса – терминология, әсіресе салалық терминология мәселесі ғасырдан ғасырға, жылдан жылға өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Бұған дәлел ретінде мына кейбір Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарын келтіруге болады.

Ұлт Қолбасшысы «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ел халқына өз жолдауында былай деді: «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 процентке дейін жететін болады. Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр» [[1]].

Бұл Мемлекетіміз Басшысының сөзі жайдан шыққан емес, қазақ тіліміздің өркендеуі, дамуы, қарқындатуының қоғамның өркендетуіне ықпал ететіндігіні даусыз. Өз мәдениетін қадірленбейтін, ана тілін білмейтін тұлға өзіне де, ұрпағына да жақсы үлгіні көрсетпей, жеміссіз ғұмыр өткізеді деп айтуға болады. Сондықтан қазақ тілінің болашағын, оның даму үрдістерін қарастыру, жан-жақты зерттеу қазіргі кезде өте маңызды, нақты өзекті проблема болып табылатыны анық.

Негізінде, тіл мәселесі ғылыми жағынан да, әдеби жағынан да жиі-жиі талданады. Бұнын себебі – Мемлекет Басшысының мемлекеттік тіл дамытуға қадалған назары. Әрбір мемлекеттің өзгеше тіл, яғни мемлекеттік тіл болады. Тілдің «мемлекеттік» деген дәрежесі (статусы) оның халықтың тарихындағы рөлін, оның ұлт қалыптасуындағы факторы ретіндегі маңызын, оның саяси процестерге әсерін, оның қоғамдық өміріне ықпалын корсетеді.

2006 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деп айтты [[2]].

Бұл сөздің мағынасы: қазақ тілді меңгеру – әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті деп саналады, сонымен қатар жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болу қажет.

1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды [[3]].

Бұл нормативтік құқықтық акт қабылдануымен Қазақстан тілдері дамытуының жаңа кезеңі басталған деп айтуға болады. Сөзсіз, әрбір саяси-қоғамдық құбылысы не оқиғасы өз нормативтік құқықтық негізі болмағасын дұрыс жолымен немесе оң бағыттары бойынша дамыта алмайды. Сондықтан қазақ тілі дамуының құқықтық негіздері бугінгі күнге дейін басты мәселе болып, ғалымдар, қоғам қайраткердері мен мемлекеттік тұлғаларының назары ортасында болуы белгілі.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша отанымызда Қазақстанның ел бірлігі доктринасы жан-жақты талқылап, қабылданды [[4]]. Доктрина мәтінінде мемлекет пен қоғамның негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілді дамыту болып табылады.

Сонымен қатар, Доктринаны жүзеге асыруы мына принциптердің негізінде өткізілетіні жоспарланды: мемлекеттік тілге және оның қоғамдағы рөлін құрметтеу; тіл саясатын елде үйлесімді әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құруға бағытталып, халықты біріктіру факторына айналуы; мемлекеттік тілдің әлеуметтік және коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайту. Яғни мемлекетті тіл қоғам дамуының басты факторы ретінде әлеуметтік процестерін қалыптастырады, реттейді  және дамытады.

2011 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің №110 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті [[5]]. Аталған бағдарлама тарауларының бірі терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру маңыздылығы туралы айтады.

Әрине, қазақ тіліндегі терминологиясын жүйелеу мен одан әрі әзірлеу, терминдер, түсініктер мен ұғымдарды реттеу жұмыстары қазіргі кездегі ең маңызды  деп есептеледі. Бұл жұмыс қазақ тілінің өзінен ғана емес, әлемдік үлгілеріне, туыстас тілдердің тәжірибесіне, халықаралық терминологиялық практикасына негізделініп жүргізілуі керек, сонымен қатар, жаңадан бекітілетін терминдерді пайдалануға қадағалау жүргізу тиіс. Терминологиялық қоры, біріншіден тілдің тарихын қайта жаңғыртады, екіншіден, қазақ тілінде дамытатын ғылымдарға жаңа импульсты береді, үшіншіден, қазақ тілінің басқа тілдермен өзара байланысуға одан әрі жол ашады. 

Терминологиялық жұмыс, ең бастысы, заңнама саласында жүргізілуі тиіс.  Бұнын себебі – заң саласындағы терминологиялық жұмыс қоғам дамуына, мемлекет күшеюіне, халық өркендеюіне, құқықтық мәдениет жақсаруына ықпал етеді.

Ал, қазіргі кезде заң саласындағы терминология жағы дамымаған деп айтуға болады. Ол құқықтың барлық салаларында көрінеді, осы мақалада біз дәл қылмыстық іс жүргізу саласына назар аударсақ, оның сыбайлас жемқорлықпен күресуге әсер ететіндігі даусыз. Қылмыстық іс жүргізудегу терминдері дұрыс еместігі қылмыстардың барлық түрлерімен, соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресуге кедергі жасай алады.

Қылмыстық іс жүргізуді іске асыратын органдарының қылмыстық іс жургізу қызметі қылмыстық іс жүргізу заңнамамен реттеледі, ал оның деректер тізімі ҚР ҚІЖК 1-бабымен анықталады [[6]].

Қылмыстық іс жүргізу құқығының басты дерегі ретіндегі қылмыстық іс жүргізу заңының міндеті – оның қылмыстық іс жүргізу процесі саласына тартылған субъекттергі жалпы міндетті болып қалатын нормаларға құқықтық күш беретіндігінде белгіленеді. Түсіндірмедегі бір бейнеліліктің жоқтығы, заң мазмұнындағы түсініксіздік пен күрделіліктері құқыққолданушы жұмысындағы кемшіліктерді туғызу мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституция мәтінінде, 1995 жылғы 21 желтоқсанындағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық қуғындау түсінігі әртүрлі термин арқылы белгіленген. Мысалы, Конституция 83-бабының 1-бөлігінде: «Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады» деп атаған [[7]].

Ал, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-тарауы «Қылмыстық құдалау» деп атанған [[8]]. Осыған сәйкес осы тараудың баптары мәтіндерде қылмыстық құғындау түсінігі «құдалау» термині арқылы белгіленген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабында осы кодекстегі кейбір түсініктердің мағынасы беріледі. Бұл баптың 13-тармағы қылмыстық қуғындау түсінігінің түсіндірме беріледі, мұнда басқа термин пайдаланды: «қылмыстық ізге түсу (айыптау) – қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызмет». Сондықтан қылмыстық іс жүргізу кодексі барлық баптарының мәтіндерінде қуғындауды белгілеу үшін «ізге түсу» термині қолданылады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап іске енгізілді. Содан бері оның мазмұнына көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бірақ осы күнге дейін заң мәтінінде қателер кездесетіні жасырын емес.

Мысалы, 37-баптың 1-бөлігі «Қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс жағдайлар» деп атала береді. «Тоқтату» деген сөз қазақ тілінде кідірту, қозғалысқа жол бермеу (приостановление) деген мағынаны білдіреді. Қылмыстық процесте бұл термин «алдын ала тергеу барысында уақытша үзіліс жасау» деген мағынаны білдіреді. Бұл процессуалдық институт қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-бабымен реттеледі және қазақ мәтінінде «Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру» деп аударылған. Ал тоқтату (прекращение) – бұл алдын ала тергеуді бітіру нысаны, ол қылмыстық іс жүргізу кодексінің 51-бабымен реттеледі. Осы бап «Қылмыстық істі қысқарту» деп аталады.

 Жоғарыда айтылғаннын негізінде «тоқтату» мен «қысқарту» түсініктерінің араластыру жібергендігі анық. Сонымен қатар, бұл жалғыз мысалы емес.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-бабының 3-тармағы да осындай секілді түсініктерді араластыру жіберетінің үлгі деп айтуға болады: «анықтаушының, анықтау  органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және егер қылмыстық іс бойынша тергеу іс-әрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы».

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 124-бабының 1-бөлігі орысша былай деп баяндалған: «доказывание состоит в собирании, исследовании, оценке и использовании доказательств с целью установления обстоятельств, имеющих значение для законного, обоснованного и справедливого разрешения дела». Бұл сөйлемнің қазақ тіліндегі нұсқасы мына мазмұндалады. «Дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады». Анық қате, яғни «бағалау» (оценка) деген сөз қазақ нұсқасында жоқ болуы айқын көрінеді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің мәтінінде басқа нысандағы да сәйкес еместігі бар деп айтуға болады. Мысалы, Қылмыстық кодексінің 67-бабына сәйкес бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін [[9]]. Осы бапта «татуласу»  (примирение) терминінің  қолданылуы дұрыс деп есептеуге болады, себебі бұл бірмағыналы термин. Ал Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабында қылмыстық қудалауды тоқтату негіздемесі ретінде осы ережеге сілтеме бар:  «Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келісімімен тергеуші немесе анықтау органы жағдаяттар болған кезде жәбірленушінің сезіктімен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне көзделген ақтамайтын өзге де жағдаяттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы».

Міне, бұл бапта «татуласу» (примирение) «ымыраласу» термині арқылы білдірген болатын, бірақ «ымыраласу» терминнің тағы бір мағынасы – «көну» (уступка) бар екендігін еске алудың рас болады.

Одан да гөрі, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 32-бабында «татуласу» (примирение) «бітісу» термині арқылы білдіріледі, бірақ бұл терминінің көпмағыналылығы жасырын емес, оның мағынасына, мысалы, «қосылу» (соединение), «ұласу» (сращение), «көну» (идти на уступку), «жөнге салу» (улаживать) т.б. да жатады. Авторлардың пікірінше, қарастырылатын түсінік белгілеу үшін ең оңайлы, ең жарамды термин ретінде «татуласу» деген бірмағыналы терминін қолданылуы дұрыс болар еді.

Сондықтан қылмыстық іс жүргізу кодексінің әртүрлі баптарында бір құқықтық құбылыс бірнеше терминдер арқылы білдіреді. Болашақта қылмыстық іс жүргізу кодексінің қазақ және орыс тілдерінде жазылған мәтіндердегі түсіндірмедегі бірбейнеліктің жоқтығы, түсініксіздік пен күрделіліктерінің уақтысымен жоюға мен дұрыстаыға кәміл сенеміз.

Осы еңбегімізді Мемлекет Басшысы сөзімен бастап, оның сөзімен аяқтау дұрыс болады деп ойлаймын. 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында Н.Ә. Назарбаев өте маңызды сөз айтып, былай деді: «Отансүйгіштікпен тығыз байланысқан мемлекеттік маңыздылығы бар мәселе – бұл мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл ту, елтаңба, әнұран секілді Отан басталатын рәміздерінің бірі. Ол еліміздің барша азаматтарды біріктіруге ұсынылған» [2].

Сол себептен мемлекеттік тіл дамыған және пайдаланатын болу үшін мемлекет өз тілдің мәдениетін құрастыруға, сақтауға мен дамытуға жауапты. Егер қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналдыратын болса, онда қазақ мәдениеті де қазақстан халқының тұған мәдениеті ретінде болып қала беретіні рас.

 

Қолданылған әдебиет тізімі:

 

[1] «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты». Қазақстан Республикасы Президенті-Ұлт Қошбасшысы Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы // Казахстанская правда. – 2012. – 28 января.

[2] Әрқашан бірге, әрдай        ым алда болайық. Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтің Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясындағы сөзі / Үкімет бюллетені. – 2006 ж. - №5 (27). – б. 71.

[3] Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 Заңы. – Алматы: ЖШС «Издательство LEM», 2008 - 20 б.

[4] Қазақстанның ел бірлігі доктринасы / Егемен Қазақстан. – 2009. – 6 қараша. -      №№ 365-367.

[5] Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Фемида. – 2011. - № 9.

[6] Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2008 - 232 б.

[7] Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2008 - 39 б.

[8] Прокуратура туралы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсанындағы № 2709 Заңы / Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2007. – 132 б. – бб. 22-40.

[9] Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – Алматы: ЖШС «Издательство LEM», 2011 - 176 б.

Категория: Мои научные статьи | Добавил: АСА (29.05.2014)
Просмотров: 401 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Форма входа

Поиск

Наш опрос

Как повысить эффективность борьбы с коррупцией?

Всего ответов: 2
-->

Статистика


Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Copyright MyCorp © 2024 | Сайт создан в системе uCozЯндекс.Метрика