Суббота, 20.04.2024, 07:05
Светлана Арыстамбаева


Главная » 2014 » Июнь » 17 » Ақтөбеде офицер түнгі кезекшілік кезінде ұшты-күйлі жоғалып кетті
13:42
Ақтөбеде офицер түнгі кезекшілік кезінде ұшты-күйлі жоғалып кетті

Ақтөбеде офицер түнгі кезекшілік кезінде ұшты-күйлі жоғалып кетті

Рубрика Общество

Ақтөбеде қорғаныс істері жөніндегі басқарманың қызметкері бір айдан бері әлі табылмай отыр. Офицер түнгі кезекшілік кезінде ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын.

Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz

Ал іздестіру шаралары нәтиже берер емес. Арман Сұрағановтың жақындарының енді тергеуге көңілдері толмай отыр. Полицейлер болса, "үш түрлі болжам бар", - дейді.

Ұлдарынан бір хабар ала алмай отырған бұл әулетте бір айдан бері маза жоқ. Арманның анасы, жары және екі кішкентай баласы есікке қараумен отыр. Әкесінің хабарсыз кеткендігі туралы олар тіпті білмейді екен.

"Бүгін міне бір айда үш күн болып отыр. Полицейлер ешқандай түйін жоқ дейді. Қалай? Ішінен алып кетіп отыр. Телефоны сынып жатырған. Шашы түскен, қан болған барлығы соны тексермей ма? Ауыл болып ағайын тума іздеді. Таба алмадық. Ұстап отырғандар болса қайтарса екен", - дейді Арманның анасы.

Ал зайыбы Қаракөз Арғынбаева "осы бір айдың ішінде бармаған жерім, баспаған тауым жоқ" деп отыр. Ол Астанадағы бас прокуратура мен қорғаныс министрлігіне, сенат депутаттары мен тағы басқа да лауазымды адамдардың қабылдауында болып, бұл істің дұрыс тергелуін қадағалауды өтініп арызданып келіпті. Тіпті облыс әкімінің де қабылдауында болған.

"Сондай-ақ осыған дейін қала шетіндегі саяжайлардан көрдім дегендердің де сөздері жалған болып шықты", - дейді туыстары. Десе де полицейлер іздестіру жұмыстарының жүріп жатқандығын айтып отыр.

"Тергеуде үш болжам версия қарастырылып жатыр. Бірақ тергеу амалдарының құпиялығына сәйкес ашып айта алмаймыз", - деп шектелі полициядағылар.

Ақтөбе қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кезекшісі болған Арман Сұрағанов өткен айдың он бесі күні түнгі ауысым кезінде жоғалып кеткен болатын. Кабинетінен оның бас киімі мен сынған ұялы телефоны табылды.

"Қабырғада қанның да іздері болды", - дейді туыстары. Ал осы оқиғадан соң облыстық қоғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы мен Ақтөбе гарнизоны әскери полициясының басшылары қызметтерінен аластатылған болатын.

Источник: 7 канал

 
Просмотров: 420 | Добавил: АСА | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Форма входа

Поиск

Календарь

«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Наш опрос

Как повысить эффективность борьбы с коррупцией?

Всего ответов: 2
-->

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Copyright MyCorp © 2024 | Сайт создан в системе uCozЯндекс.Метрика