Среда, 24.04.2024, 05:59
Светлана Арыстамбаева


Блог
Главная » 2014 » Май » 30 » Астана Акшамы, 27 ноября 2013 года
21:41
Астана Акшамы, 27 ноября 2013 года

ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

IMG_0819

Бәсекеге қабілетті маман даярлау – бүгінгі күннің басты талабы. Елбасы биылғы Жолдауында: «Жас­тарды қазақстандық патрио­тизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын. Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан жетіп отырған мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, білім беру саласында патриоттық тұрғыда тәрбие беру – өзекті мәселе.

Уақыт талабы еліміздің кеден қызметінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан, Қаржы полициясы академиясының оқы­ту­шылары әрбір жас буынды ке­лешекте бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз Отанына қызмет етуге даяр тұлға ретінде дайын­дауда. Мәселен, жуырда ғана «Кәсіптілік – Қазақстанның кеден қызметін жаңғырту шарты» атты дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Оған Кедендік бақылау комитетінің Оқу және әдістемелік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Светлана Құдиярова, Қаржы полициясы академиясы басшысының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Светлана Арыстамбаева және Астана қалалық «Жас Отан»
жастар қанаты филиалының атқа­рушы хатшысы Салтанат Әли қатысты. Жиында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жал­пыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Мемлекет басшысының мақаласы кеңінен талқыланды.

Жаңа ғасыр – білімді жастардың қолында. Өркениетті елдер ара­сындағы экономикалық бәсеке­лестік білім деңгейімен ғана айқын­далады десек, бүгінде Академия мен Кедендік бақылау депар­та­менті арасындағы тығыз ынты­мақтастықтың нәтижесінде тың­даушылардың кәсіби тәжірибесі тиісті деңгейде ұйымдастырылады. Жыл сайын департаментте Қаржы полициясы академиясының «Кеден ісі» мамандығы бойынша тың­даушылары оқу-өндірістік тәжі­ри­беден өтеді. Сондықтан оларды
тәртіпке, ұқыптылыққа және адам­гершілікке баулитын арнайы тәлімгер тағайындалады. Олар оқу-өндірістік тәжірибеден өту кезінде тыңдаушыны таңдаған мамандығы бойынша орындайтын жұмысының сипаты және ерек­ше­ліктерімен таныстырып, жас ма­ман­дардың мемлекеттік қыз­меткер болып қа­лыптасуы үшін кеден ор­гандары жұмысының негізгі қағи­даларын, жұмыстың әдістерін үйретеді.

Оқу сабақтарына кеден ор­ган­дарының тәжірибелі қыз­мет­керлері де көптеп тартылуда. Кедендік ба­қылау мен кедендік ресімдеудің за­­манауи технологияларын зерттеп, оларды оқу үрдісінде уақытылы қолдану мақсатында оқытушылар үшін де тағылымдамалар жүр­гі­зіледі. Кедендік ережелер мен рә­сім­дердің тиімділігін жоғарылату және жетілдіруде ең алдымен ке­дендік әкімшілік жүргізудің заманауи әдістерін игерген мамандарды даярлау қажет. Ендеше, бүгінгі буынның тұрмысы түзу, тіршілігі жақсы болуы үшін департамент қызметкерлері мамандарды даярлауда Елбасы айтқан қасиеттерді қалыптастыруға жұмыла жұмыс істей береді.

Зульфира СПАНОВА,

Астана қаласы бойынша
Кедендік бақылау департаментінің бас маманы

Категория: СМИ обо мне | Просмотров: 457 | Добавил: АСА | Теги: Академия финансовой полиции, Арыстамбаева, Қаржы полициясы академиясы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Форма входа

Категории раздела

Мои путешествия [1]
Здесь размещены материалы о местах, где я побывала, которые меня впечатлили.
Я против коррупции [0]
Здесь размещены материалы, разработанные мной и моими коллегами (с указанием авторства) в рамках деятельности по обеспечению противодействия коррупции
СМИ обо мне [13]
Здесь размещены мои интервью, заметки обо мне, видео материалы и прочие мои заСветки в СМИ
Анекдоты и веселые истории [17]
В каждой шутке есть над чем поразмыслить
В мире мудрых мыслей [9]
Высказывания, цитаты, изречения, отвечающие моему мировоззрению...
О найманах [1]
Здесь размещены материалы, связанные с прошлым и настоящим найманов всего мира.

Поиск

Календарь

«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей

Наш опрос

Как повысить эффективность борьбы с коррупцией?

Всего ответов: 2
-->

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Copyright MyCorp © 2024 | Сайт создан в системе uCozЯндекс.Метрика