Суббота, 16.02.2019, 22:31
Светлана Арыстамбаева


Главная » 2014 » Июнь » 13 » Қазақстанның барлық аймағында нан бағасы қымбаттайды
13:07
Қазақстанның барлық аймағында нан бағасы қымбаттайды

Қазақстанның барлық аймағында нан бағасы қымбаттайды

Астананың артынан Қазақстанның барлық аймағында нанның бағасы қымбаттауы мүмкін. Оған үкіметтің өзі кінәлі.

Мұндай айыптауды мәлімдеген Қазақстан астық өндірушілері мен нан пісірушілері одағының президенті Евгений Ган шенеуніктер сөзінде тұрмайды деп отыр.

Ақпанда теңге құнсызданғаннан кейін жергілікті атқарушы орган наубайханалармен нанның бағасын көтермеу туралы меморандумға қол қойған болатын. Өз кезегінде үкімет кәсіпкерлердің шығынын өтеу үшін субсидия төлейміз деп уәде берген.

Өйткені девальвациядан кейін 1 тонна бидайдың құны 28 мың теңгеден 45 мың теңгеге өсіп кетіпті. Соның салдарынан ұн мен нанның бағасы да шарықтап кетуі мүмкін еді. Меморандумға сәйкес кәсіпкерлер өз міндеттемелерін орындап келеді. Алайда, олардың айтуынша, үкімет еш әрекет жасамай отыр.

Тиісті құжатқа қол қойылғаннан кейін 4 ай өтсе де, әлі күнге 1 тиын да төленбепті.

"Уәде берген соң орындау керек қой. 4 ай бойы шешім қабылдай алмай жатыр дегенді түсіне алмаймын. Біз нанның әлеуметтік маңызы зор екенін түсінеміз. Бірақ кез келген еңбектің ақысы төленуі тиіс", - деді Қазақстанның астық өндірушілері және нан пісірушілер одағының президенті Евгений Ган.

Жуық арада ұнның бағасын арзандату мәселесі шешілмесе, сәйкесінше нанның да қымбаттайтыны анық.

Источник: 31 канал

Просмотров: 75 | Добавил: АСА | Теги: продовольственная корзина, продукты, хлеб | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Форма входа

Поиск

Календарь

«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 4
-->

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Copyright MyCorp © 2019 | Сайт создан в системе uCozЯндекс.Метрика